18 сәуір Степной модельді ауылдық кітапханасында Төлен Әбдікұлының 80 жылдығына орай "Адам жанының археологы" атты танымдық сағат өткізілді.
Шараның мақсаты жазушының шығармаларын насихаттау, шығармаларының мазмұнын ашу, оқырмандарды жазушының еңбектерін оқуға баулу.
Шараға 5-7сынып оқырмандары, клуб қызметкерлері қатысты. Кітап көрмесіне Төлен Әбдікұлының портреті, өмірбаяны, шығармалары, марапаттары туралы мәліметтер, бүктемелер қойылды. Шара барысында жазушының "Оң қол" әңгімесінен үзінді видеоролик көрсетілді. Әңгімеде 17жасар Алманың дерті туралы баяндалатыны көрсетіліп, талқыланды. Оқырмандар әңгімеден алған әсерлерімен бөлісті. Бүктемеде жазушының 5 атаулы шығармасының мазмұны жазылған, оларды кітапхана меңгерушісі таныстырып өтті.









