Қосестек ауылдық кітапханасында облыстық "Оқитын өлке" акциясы аясында "Қарымды қалам иесі-Өтебай Қанахин» тақырыбында шара өтті . Шараның мақсаты Ө. Қанахиннің өмірі және қызметімен таныстыру, үздік өлкелік әдеби шығармаларды дәріптеу. Іс-шара барысында жазушының шығармашылығына арналған кітап көрмесі жасақталып, оқырмандарға таныстырылды. Шараның құрметті қонағы қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Г .Б. Досмағамбетова Өтебай Қанахиннің өмірі мен қызметі туралы оқырмандарға кеңінен айтып берді. Өтебай Қанахин 1923 жылы Қазақстанның Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында дүниеге келгендігі, екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқандығы, оның әңгімелер мен романдар жинағы туралы, аудармашылық және журналисттік қызметі жайлы қызықты әңгіме айтылды.