#Бірелбіркітап #ТөленӘбдік 2023 жылы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында қазақ жазушысы, драматург, қоғам қайраткері Төлен Әбдіктің шығармаларын оқуға ұсынылды. Төлен Әбдік - қазақ прозасында ерекше қолтаңбасы бар қаламгер. Тұңғыш рет 1969 жылы «Көкжиек» әңгімелер жинағы жарық көріп, қазақ әдебиетіне философиялық проза жанрын ала келген белгілі жазушы ретінде танымал. Қаламгердін өмірі мен шығармаларын насихаттау мақсатында Жосалы ауылдық кітапханасы виртуалдық танысу "Кітапхана сөрелерінде - жыл кітаптары" өткізілді