2023 жылдың 21 сәуірінде Ащылысай модельді ауылдық кітапханасында, 23 сәуір - Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай "Кітап шоу-2023" облыстық фестивалі аясында жас оқырмандарды кітапханаға тарту және кітап оқуды насихаттау мақсатында "Кітаптар әлемінде" әдеби вернисаж өтті. Өткізілген шара барысында "Микро-әлем" кітап көрмесі ұйымдастырылды, көрме оқырмандардың қызығушылығының барлық бағыттарын қамтыд: көрменің «Бір тамшы теңіз суындағы өмір» бөлімшесінде оқырмандар тегін мобильді қосымшасы бар «Жануарлар" энциклопедиясын ұнатса "Игі істер жасауға асығыңыздар" бөлімшесінде «Казахские народные сказки на трех языках» және «Сказки из волшебной шкатулки» деген кітаптарға назар аударды Кітапханашы назар аударуға тұрарлық жаңа кітаптар туралы айтып, қорға түскен қызықты және ерекше басылымдарды таныстырып, кітап оқудың пайдасы туралы әңгіме жүргізді Шара соңында кітапханашы "Мақал-мәтелді жалғастыр" және "Блиц-турнир" өткізіп, белсенді қатысқан оқырмандарды марапаттады.









