25 сәуір күні Ш.Қалдаяқов модельді ауылдық кітапханасында "Парасаттың шыңы - даналық" атты ақпараттық дайджест өткізілді.
Шараның мақсаты оқырмандарға адам құқықтары, адалдық, парасаттылық, әділдік, сенім құндылықтарын сіңіруге және жас буынның рухани болмысын бекітіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру.
Шара барысында "Қазақстан - адалдық алаңы" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды, кітапханашы библиографиялық шолу жасады. Тұрақты оқырман Г. Бижанова қазіргі заманғы сыбайлас жемқорлықпен күресуді және жемқорлыққа қарсы міндеттерін айтып берді.