26 сәуір Степной модельді ауылдық кітапханасы ұйымдастыруымен оқырмандарға Ақтөбе өңірі, оның ішінде Қарғалы ауданы тарихы туралы ақпарат беру, елінің патриоты болуға тәрбиелеумен қатар оқырмандарды кітап оқуға баулу мақсатында "Мен тұратын өлке" тақырыбында кітапханалық бульвар ашық аспан астында өткізілді.
Шара барысында кітапхана меңгерушісі оқырмандарға өздері тұрып жатқан туған өлкесі - Степной ауылы туралы әңгіме жүргізілді. Ауыл тақырыбына байланысты сұрақтар қойылды. Ауылдың шығу тарихы және ауыл көшелерінің атауын да атап, қандай мекемелер бар екендігі деп аталып өтті. Кітап көрмесіне "Ақтөбе энциклопедиясы", "Ақтөбе құтты мекен" энциклопедиялық анықтамалық кітабы, Қарғалы ауданының тарихи беттері, және де жаңадан түскен кітаптар қойылды. Оқырмандар 10-15минут кітап оқу барысында Ақтөбе өңірі, Қарғалы ауданы, Степной ауылы тарихымен тереңінен танысты. Сонымен қатар кітапхана меңгерушісі оқырмандарды жаңадан келіп түскен әдебиет көздерімен таныстырып шықты.









