Әр адам өз туған, өскен және өмір сүретін жерін жақсы көреді. Туған өлкесінің тыныс-тіршілігін танып, тарихын дәріптейді. 2021 жылдың 9 желтоқсаны күні Қос-Истек ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен 7 сынып оқушылары арасында «Бұл - менің Отаным» тақырбында библио кросс өткізілді. «Кіші Отан деген не? Мен оны не үшін жақсы көремін?». Дәл осы сұрақтар - негізгі сұрақтар болды. Оқушылар ойын түрінде бір-бірімен туған өлке туралы білімдерімен бөлісті. Кітапханашы - Г.А. Байменовамен бірге Қарғалы ауданының тарих беттеріне шолу жасады. Кішкентай Отанының кейбір қызықты беттерімен танысып, атақты ауылдастарының тағдыры мен шығармашылығы туралы біліп, туған жерлері туралы жұмбақтар шешіп, балалар негізгі сұрақтарға жауап бере алды. Ең бастысы, балалар өз ойларын түсініп және Кіші Отан-бұл олардың үйі, олардың отбасы, олардың бақытты болашағы екенін бірауыздан қабылдады.