Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойы
Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында аудандық орталық кітапханада «Тәуелсіздік жылдарындағы кітапхана» тақырыбында ұйымдастырылған кітап көрмесіне аудандық орталық кітапхананың тәуелсіздік жылдарында атқарған жұмыстары барысынан түсірілген фотосуреттер таспасы мен бейнебаян, кітапхана саласына қатысты кітаптар мен кітапшалар қойылды. Көрме көпшілікке офлайн және онлайн форматта таныстырылды.









