Қосестек ауылдық кітапханасы балалар мен жасөспірімдер оқуына қолдау көрсету жылы аясында "Балаларға сүйіспеншілікпен кітаптарды сыйла"атты аудандық акцияға қатысты. Бұл акцияның мақсаты-өскелең ұрпақтың кітап оқуға деген сүйіспеншілігін арттыру, ой-өрісін кеңейту, балалардың кітапқа деген ұқыпты көзқарасын қалыптастыру. Іс-шара барысында кітапханашы оқудың пайдасы туралы айтып, жас оқырмандарға сауалнама жүргізді, сондай-ақ үй кітапханасынан кітаптар сыйлады.