Ел Тәуелсіздігінің – 30 жылдық мерейтойы қарсаңында Қос-Истек ауылдық кітапханасы "Тарих беттеріне шолу» тақырыбында Буктрейлер өткізді.
Аталған шараның мақсаты: Жас оқырмандардың Отанға деген сүйіспеншілігін, құрметін арттыру, патриоттық сезімдерін оятып, әр түрлі ұлт өкілдері арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту.
Кітапханашы Байменова Г.А. шара барысында оқушыларды тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихымен таныстырып, «Сұрақ -жауап» сайысын өткізді.
Онда әр адамның, әрбір қоғам мүшесінің ең қымбаттысы, ең бағалысы – ОТАН туралы білім – білік деңгейлерін тереңдетуге негізделген тапсырмалар қамтылған.
Қазақстан – ұлан – байтақ, еркін ел. Көпұлтты мемлекет. Әрбір шынайы азамат патриот, яғни өз жерінің адал ұлы болуы керек!
Патриот– бұл сөз грек тілінен аударылған. Ол өз Отанын, халқын сүюі және оны мақтан тұтуы керек дегенді білдіреді.
Отаншыл, рухшыл болуды насихаттайтын шара өз деңгейінде өтіп, оқырмандар бойына патриоттық күш-жігер қалыптасуына ықпал етті.