2022-жылы, 12-қаңтар күні Әлімбет модельді ауылдық кітапханасы Қазақстанның бірінші басшысы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туғанына 110 жыл толуына орай «Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев ірі мемлекет қайраткері» атты онлайн презентация өткізілді.
Ел тарихында үлкен орынға ие қазақтың ұлы тұлғасы – Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туғанына биыл, дәлірек айтсақ, 12 қаңтар күні 110 жыл толды. Бар саналы ғұмырын халқына қалтықсыз қызмет етуге арнаған аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері атанған ел ағасының елі-жері үшін сіңірген еңбегі, жасаған жақсылығы толассыз.
#ДІНМҰХАМЕДҚОНАЕВ110ЖЫЛ









