Әлімбет модельді ауылдық кітапханасы оқырмандарға 2022 жылғы мерейгер кітаптарды ұсынады. Бұл шығармалар өміршең, сұранысқа ие және азаматтарға тарихи оқиғаларға көз жүгіртуге мүмкіндік береді. Биыл Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романына 70 жыл толады. Қазақ көркем прозасын жоғары деңгейге көтерген, әлемдік әдебиетке көркемдік қуат сыйлаған үздік шығарма. Бұл туынды оқырмандарды қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының тұлғалық қырларымен, қазақ халқының ұлттық болмысымен, дәстүрлерімен таныстыруға арналған. Мәриям Хакімжанованың «Мәншүк» поэмасына 80 жыл. Автор Мәншүк Мәметованың өмірбаянын және Ұлы Отан соғысындағы ерлігін паш етеді, сондай-ақ, Мәншүк пен анасының арасындағы үйлесімді қарым-қатынасты суреттейді. Қаһарман қазақ қыздың батылдығын сипаттай отырып, жастарды ел үмітін ақтауға шақырады. «Қамбар батыр» поэмасына 100 жыл. Ұлы шығарма қазақ ауыз әдебиетінің алтын қорына енген. «Қамбар батыр» поэмасында халықтың мүддесін бәрінен жоғары қойған, Назым сұлудың арманы болған жаужүрек батыр туралы баяндалады. Бұл кітап қазақ халқының ақындық өнерінің үлгісі болып табылады және балаларды адал болуға, елін сүюге, қорғауға шақырады. Александр Сергеевич Пушкиннің «Сказка о царе Салтане» шығармасына 190 жыл толады. Кітап 1831 жылы басылып шақты, бір жылдан кейін «А. Пушкиннің өлеңдері» жинағында жарық көрді. Шығарма лирикаға негізделген, өлең сипатында жазылған ертегі болып табылады. Барлық азаматтарды ауылдық кітапхана тақырыптық сөреде ұсынылған басылымдармен және басқа да материалдармен танысуға шақырамыз. Кітап оқуды әдетке айналдырайық!









