Бүгін онлайн форматта «Оқитын өлке» облыстық акциясының ашылуы өтті. Қарғалы аудандық орталық кітапханасының кітапханашысы Тулкибаева Жанат 2022 жылы акция аясында таңдалып алынған ақын Сәбит Баймолдиннің өмірі мен акция жайлы шағын мәлімет берді. библиографы Гүлмира Бисембаева ақын ағамыздың шығармашылығына, шығармаларына тоқталып, оқырмандарға таныстырды. Кітапхана қызметкерлері оқырмандарды акция аясында таңдалып алынған Сәбит Баймолдиннің шығармаларын өлке болып оқуға шақырды.