"Қарғалы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ Ш.Қалдаяқов модельді ауылдық кітапханасы.
"Бір ел - бір кітап" акциясы аясында 2022 жылдың таңдауы - Ахмет Байтұрсыновтың шығармалары.
Ш. Қалдаяқов модельді ауылдық кітапханасында 3 ақпан күні "Бір ел - бір кітап " республикалық акцияның ашылу салтанаты ұйымдастырылды.
Мақсаты: қазақ әдебиетінің қазыналы туындыларын насихаттау, оқу мәдениетін қолдау және дамыту, жастарды рухани және патриоттық тәрбиеге баулуға бағытталған. Ақынның көркем әдебиетті, өлеңдері сүюге баулу, кітап оқуға қызығушылығын арттыру.
Акция барысында кітапхана меңгерушісі Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылық жолын туралы айтып берді. "Ұлттың ұлы ұстазы" атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандар назарына ұсынылды. Кітап көрмесіне бірнеше кітаптар қойылды, соның ішінде өлеңдер "Қырық мысал" және "Маса" деген кітаптары бар. Оқырмандар өткізіліп отырған Іс-шарадан қазақ халқының мақтан тұтар ұлы тұлғасы Ахмет Байтұрсынов туралы көптеген мағлұматтарды білді.