«Бір ел- бір кітап» республикалық акциясы аясында 2022 жылы Ахмет Байтұрсынұлы (1872-1937), көрнекті ғалым, ағартушы, ақын және аудармашы, қоғам және саяси қайраткері, «Алаш » қозғаласының жарқын өкілі таңдалынды. Әлімбет модельді ауылдық кітпаханасында «Бір ел – бір кітап» республикалық акцияның ашылуы ұйымдастырылды. Іс-шара барысында жазушының өмірінің маңызды сәттері мен негізгі шығармалары таныстырылды.
Іс-шара қонағы тарих пәнінің мұғалімі Жумагалиев А.Р., оқырмандарды ғалым, педагог, мемлекет қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының өмірбаянымен таныстыратын материалдар және мерзімді басылымдарда жарық көрген мақалалар ұсынылды.
Іс-шара барысында қатысушылар оның өлеңдерін қазақ және орыс тілдерінде оқыды. Кітапхана меңгерушісі Дарменова Н.А. өз оқырмандарын акцияға кітапхана жоспарлаған іс-шараларға белсенді қатысуға шақырды.













