Оқырмандар 2022 жылы "Бір ел – бір кітап" атты республикалық акция аясында халқымыздың мемлекет қайраткері, ғалым, ақын, публицист, ағартушы және реформатор - Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығымен тереңірек танысады. Акцияның мақсаты-отандық әдебиетті насихаттау, тарихи-мәдени және рухани мұраны сақтау, жастарды адамгершілік-патриоттық рухта тәрбиелеу, ана тіліне ұқыпты қарау. 2022 жылдың 4 ақпаны күні Қос-Истек ауылдық кітапханасында "Бір ел-бір кітап" акциясының ашылу рәсімі өтті. Шара барысында кітапханашы - Г. Байменова Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығы туралы кітап көрмесін ұйымдастырды. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі - Д. Қойшыбаева Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығы туралы презентация дайындады .Оқушылар ұлы жазушының өмірі және шығармашылығымен қызығушылықпен танысып, ақын өлеңдерін жатқа оқыды.









