«Бір ел-бір кітап» облыстық акциясы аясында , 2022 жылдың таңдауы-Ахмет Байтұрсыновтың шығармалары. Мақсаты: халық әдебиетін насихаттау, тарихи, мәдени және рухани мұраны сақтау, жастарға адамгершілік-патриоттық тәрбие беру, ана тілін құрметтеу. Қарғалы аудандық орталық кітапханасында, акцияның ашылу барысында А.Байтұсыновтың өмір жолымен, шығармаларымен З.Гусманова таныстырды. Кітапхананың кітап қорындағы әдебиеттермен жасақталған кітап көрмесімен П.Күнай таныстырды. Акция жыл бойына жалғасын тауып, түрлі шаралар өткізіледі.