Қарғалы аудандық балалар кітапханасы ұйымдастыруымен «Оқитын өлке» облыстық акциясының ашылуы «Ақын – елдің ардағы» тақырыбында №2 Бадамша орта мектебінің сынып оқушылары, ұстазы қатысты. 2022 жылы акциясы аясында қазақтың белгілі жерлес ақынымыз Сәбит Баймолдиннің шығармалары таңдалды. Іс-шараның мақсаты: Жыл сайын өлкедегі ең үздік туындыны, жергілікті ақын жазушы, қоғам қайраткерінің бір шығармасын насихаттау, жастардың отандық әдебиетке, классикаға, қазіргі әдебиет пен поэзияға деген сүйіспеншілігін ояту, жас оқырмандардың, оқушылардың оқу мәдениетін қалыптастыру, жетілдіру. Кітапханашылар Ж.Мусина мен К.Алжанова ақын Сәбит Баймолдиннің өмірбаянымен, шығармашылығымен оқушыларды таңыстырды, мерзімді басылымдарда жарық көрген мақалалары ұсынылды. Шара соңында «Ақтөбе кітапханасы» сериясымен шығарылған Сәбит Баймолдиннің «Сәбит Баймолдин –өжет ойлы ақын» кітап көрмесіне қойылған кітаптарымен таныстырылды.