2022 жыл 8 ақпан күні Қарғалы аудандық орталық кітапханасының қызметкерлері мен балалар өнер мектебінің ұстаздары және оқушылары ұйымдастыруымен «Поэзия! менімен егіз бе едің?» атты еркін форматта поэзия кеші болып өтті. Мақсаты: ғасырлар тоғысында ғасыр ақыны атанған Мұқағали Мақатаевтың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату, сол арқылы олардың бойында поэзия әлеміне, жалпы сөз өнеріне деген сүйіспеншілікті берік қалыптастыру. Кеш барысы ақынның өмірінен үзінді видеороликпен басталды. Баймұқан Жомарт сөз алып ақынға арнап жүрке жарды өлеңін арнады. Жасөспірім оқырмандар кезек–кезек ақынның өлеңдерін нақышына келтіріп оқып берді, арасында ақынның өмірінен, бастан кешкен оқиғаларынан сүбелі сұхбат өрбітті. «Жақсының ат өлмейлді, ғалымның хаты өлмейді» демекші соңына қаламнан із қалдырған жақсының 91 жасқа толуына ұйымдастырылған шара мазмұнды өтті.














