Қарғалы аудандық балалар кітапханасының қызметкерлері мен № 2 Бадамша орта мектебінің алғашқы әкери дайындық мұғалімі Сакауов И.Б.  ұйымдастыруымен Кеңес  әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 33 жыл толуына орай «Ауғанның от жалыны» тақырыбында медиа сағат өтті. Шараның мақсаты:  Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу арқылы сол соғыс жайлы мағлұматтар алып, оқушылардың  өрелік қабілеттерін кеңейту. Тарихи оқиға туралы мәлімет беру. Оқушыларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Шараға ауған соғысының ардагерлері: Свайкулов ГарифуллаАронұлы, Таджиев Сарсенбай Абдімұратұлы,  Қарғалы аудандық  коғаныс істер бөлімінің  басшысы Мединаев К. К,  № 2 Бадамша орта мектебінің 8-11 класс оқушылары қатысты. Шарада Ауған соғысы  ардагерлері  соғыс жайлы мағлұматтар беріп Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге шақырды. Оқушылар ардагер ағалармен ашық әңгімелесіп, сұхбаттасты. Шара соңында Қарғалы аудандық балалар кітапханасының кітапханашысы К.Т. Алжанова кітап көрмесімен таныстырды.