14 ақпан күні Бадамша агротехникалық колледжі, Қарғалы аудандық орталық кітапханасымен бірлесіп Ауған соғысы ардагерлері күні мерекесіне «Ауғанның от жалыны» атты кездесу кешін өткізді.
Мақсаты: Ауған соғысы ардагерлерін еске алу, құрметтеу, өскелең ұрпаққа ардагерлердің ерен еңбектерін үлгі ету. Қонаққа ауған соғысының ардагерлері: С.Таджиев, Ғ.Свайкулов, аудандық қорғаныс істері бөлімінің басшысы Қ.Мединаев келип, сөз сөйледі. Өмірден озған ардагер ағаларымыз үшін 1 минут үнсіздік жарияланды.
Аудандық орталық кітапхананың кітапханашысы З.Гусманова кітап көрмесімен таныстырды. Шара барысында, ән шашу болып, өлең оқылды.











