Халқымыз жан - жақты адамды « сегіз қырлы бір сырлы», - дейді. Адамның сегіз қырының бірі - оның ақылы, имандылығы. Иманды, білімі мол, ата салтын, дінін, тілін білген адамның көкірегі ояу болады, жаман мен жақсыны айыра біледі. Міне, сол себепті біз  2022 жыл «Балалар жылын»  қолдау аясында 24 ақпан күні Қарғалы аудандық орталық кітапханасы «Салт-дәстүр сабағы имандылық негізі» атты шара өткізді.
Мақсаты: халқымыздың ұмыт болған салт - дәстүрлерін жалғастырып құрметтеуге, инабаттылыққа, имандылыққа адамгершілікке, адалдыққа, еңбекқорлыққа, достыққа, ерлікке, ізденімпаздыққа, іскерлікке, шеберлікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Аудандық кітапхананың кітапханашысы З.Гусманова  кітапхананың тұрақты оқырмандарына баяндама оқып, «Салт-дәстүрді бағалайық» видеосын көрсетті.
«Ел болам десең, бесігіңді түзе» деп ұлы қаламгер М.Әуезов айтқандай, қай ғасырда, қай қоғамда болмасын ата-ана міндеті –саналы да салиқалы ұрпақ тәрбиелеу. Ендеше ұлт үшін салт-дәстүрлердің ұрпақ тәрбиесінде алатын орны ерекше.