"Қарғалы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ Ш.Қалдаяқов модельді ауылдық кітапханасында 2022 жылы "Балалар жылы" қолдауымен "Кітап туралы қызық деректер" атты библио кафе өткізілді.
Мақсаты : оқырмандарға кітап туралы қызықты мәліметтермен таныстыру. Балалардың оқулықтын алған білімдерін байқау, кітапты сүюге, кітапты құрметтеуге баулу.
Шара барысында кітапхана меңгерушісі Ж. Нишпаева оқырмандарды кітап туралы қызықты деректерімен таныстырылды. Балалар кітап, адамгершілік туралы мақал - мәтелдерді жазып, жұмбақтарды шешті.