Әлімбет модельді ауылдық кітапханасы Әлімбет орта мектебімен бірлесіп 5-6 сынып оқушыларына "Алғыс шын жүректен, кең көңілден шығады" флешинфо өткізілді. Іс-шара барысында Я, ты, он, она…» әні шырқалды, кітапханашы балаларға өткен мыңжылдықтың ХІХ және ХХ ғасырларында Қазақстанға белгілі бір себептермен бес жарым миллионнан астам адам қоныстанғанын, сталиндік қуғын-сүргін кезінде қазақ даласына неміс, корей, поляк, Солтүстік Кавказ халықтарының өкілдері жер аударғанын, тың және тыңайған жерлерді игеру жылдарында халықтың көптеп ағылғанын баяндады. Сондай-ақ елімізде 2016 жылдан бастап Қазақстанда Алғыс айту күні аталып өтетінін жеткізді. Іс-шара барысында балалар Қазақстан халықтарының ойындарымен (Дағыстан халық ойыны, тәжік халық ойыны) танысты. Іс-шара соңына қарай ,жас өрендер табиғатқа, өмір сыйлаған ата-аналарына, ұстаздарына, туғандарына, сыныптастарына, көршілеріне алғыстарын білдірді.