Ана

Сен бақыттысың,
Жыламағың!
Жай түсіп жатқанда да құламадың
Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның
Сондықтан жыламағың, жыламағың!
- дей келе, Қарғалы аудандық орталық кітапханасының қызметкерлері 8 наурыз халықаралық әйелдер күніне орай «Ана – гүл, ана - адамзат, ана - өмір!» атты аналармен кездесу кешін өткізді. Шара барысында аналар сөз алып өздерін таныстырды. Кітапханашы Гусманова Зайра кітап көрмесімен таныстырып,  М.Мақатаевтың «Ана» атты өлеңін оқыды. Аналардың көңілін көтеру мақсатында Күнай Перизат қызықты ойындар ойнатты. Аудандық өнер мектебінің ұстазы Қалағанов Бағдат «Анаға сағыныш», «Он алты қыз» атты домбырамен шарықтатып ән айтса, аудандық мәдениет үйінің әншісі  Кеңесқызы Гүлмира «Жақсы адамдарым» атты аналарға арнап ән шырқады.
Құрметті, асыл әжелер, аяулы аналар, гүлдей құлпырған қыздар! Сіздерді аудандық орталық кітапхана ұжымы мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтайды!