16 наурызда, Петропавл модельді ауылдық кітапханасының кітапханашысы Тлепиева Адина, 5 сынып оқушыларының қатысуымен, Ұлыстың Ұлы-Наурыз атты ауызша журнал өткізді.
Журналдың бірінші бетінде бұл туралы айтылады: 22-наурыз Жер-Ананың оянған күні,күн мен түннің теңелетін күні. Жердегі тіршіліктің мейрамы. Халқымыздың салт-дәстүрлерін,әдет-ғұрпын. Жаңа жыл көктем мерекесі,ұлыс күн деген мағынаны түсіндіруі.
Журналдың екінші бетінде ұлттық тағам Наурыз көже туралы айтылады.
Қатысушылар көженің құрайтын компоненттері және олардың маңызы туралы білді.
Журналдың үшінші беті - Викторина.
Қатысушылар Наурыз мейрамды тойлауға қатысты сұрақтарға жауап берді.
Белсене қатысқан: Бекболат Нурадин, Сағынбай Аяна, Қалықбаева Лунара, Амиев Нұрахмет.