Ежелгі заманнан бері шығыс халықтарында Наурыз мерекесі тойланады. Бұл мерекенің мәні-адам мен табиғат бірлігінде. Наурыз мейрамы күн мен түннің теңескен күні меркеленеді. Қос-Истек ауылдық кітапханасы оқырмандарды туған елдің дәстүрлері мен мерекелеріне деген қызығушылық пен құрметке тәрбиелеу, ортақ мәдениетті дамыту, патриотизмге тәрбиелеу мақсатында .Шара барысында "Наурыз - құт - береке мейрамы!" атты іс-шара өткізді. Кітапханашы қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары, ұлттық тағамдары туралы әңгімеледі .Сонымен қатар, оқушылар викторина сұрақтарына жауап берді. Мереке құрметіне балалар тәтті сыйлықтармен марапатталды.









