Қарғалы аудандық орталық кітапханасының қызметкерлері 18 наурыз күні «Төрлет, төрлет, Әз-Наурыз!» атты келіндер сайысын ұйымдастырды. Сайысқа оқырмандар арасынан Минасарова Гүлмира, Шамбаева Элмира, Жақсылыққызы Ақерке қатысты. Сайыстың әр кезеңі өз мәнінде өтті. Қатысушы келіндер өздерін таныстырып, өз өнерлерін көрсетумен қатар, ұлттық тағамдардан дәм татырды. Салт-дәстүр бойынша сұрақтарға жауап берді. Оқырмандар арасынан құрылған Таскалиева Галина, Копаева Сабина, Каюпова Марал өздерінің әділ шешімімен сайыс қорытындысын марапатпен аяқтады.