🎊 1 маусым халықаралық балаларды қорғау күніне орай Әлімбет ауылдық модельді кітапханасында «Менің сүйікті ертегі кітабым!» атты сурет фестивалі өтті.
📚Мақсаты: Келешек ұрпақтың сана сезімін, рухани ойлау қабілетін арттыру. Әдептілік, әсемдікке тәрбиелеу, Кітапқа деген құлшынысын, қызығушылықтарын арттыру. Кітап білім көзі екенін түсіндіру.
Фестивальге Әлімбет орта мектеп-балабақшасының ең кішкентай оқырмандары қатысқан болатын. Кішкентай оқырмандар өздерінің салған суреттерімен бөлісіп, тәрбиеші Бекесова Т.Н-мен бірігіп балалар күніне арналған «До-ре-ми» атты флешмоб билерін биледі. Сонымен қатар оқырмандарымызға кітапхана меңгерушісі Шукембаева А.Н. балаларға түрлі ертегі кітаптарын көрме ретінде орналастырды.
Фестиваль соңында кітапхана меңгерушісі кішкентай оқырмандарға кішігірім балаларға базарлықтарын таратты.
✔️Құрметті оқырмандар біздің кітапхана Қазақстан көшесі 74-ші үйде орналасқан. Кітапханаға келіп, жаңа топтамадағы кітаптармен танысып, оқуларыңыз сұралады. Біз Сіздерді күтеміз📖









