🎊 4 маусым Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күніне орай Әлімбет ауылдық модельді кітапханасында «Жайнай бер Қазақстаным!» атты рәміздер сағаты өтті.

📚Мақсаты: Оқырмандарды кітап оқуға шақыру, рәміздер туралы толық ақпаратпен қамту. Сонымен қатар ұлтшылдыққа, патриоттыққа сезімдерге тәрбиелеу. Кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру.

Рәміздер сағатына Әлімбет орта мектеп-балабақшасының оқырмандары қатысқан болатын. Оқырмандар іс-шара басын әнұранмен бастады.Шара барысында рәміздерге, Отанымызға қатысты түрлі логикалық ойындарды ойнады. Олар: "Әріптер әлемінде", "Пазл құрастыру", "Көлеңкесін тап" және т.б. Ақпараттық сағатта белсенділік танытқан оқырмандарды кітапхананың белсенді оқырмандарының бірі А.Салимгереевна мақтау қағаздарымен марапаттады.

✔️Құрметті оқырмандар біздің кітапхана Қазақстан көшесі 74-ші үйде орналасқан. Кітапханаға келіп, жаңа топтамадағы кітаптармен танысып, оқуларыңыз сұралады. Біз Сіздерді күтеміз📖