Қарғалы аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен 19 маусымда Аудандық орталық кітапхана ғимаратының жанынан құрылған арбатта «BiblioArbat» мәдени жобасының ашылуы салтанаты түрде өтті. Шараға Қарғалы ауданы әкімінің орынбасары Бадаков Бекзат Ғаппарұлы, Қарғалы аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Тілектес Төреғазықызы, аудандық жастар орталығының директоры Мейіржан Жұбан, аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері, аудандық өнер мектебінің қызметкерлері, кітапхананың тұрақты оқырмандары мен ауыл тұрғындары, қонақтары қатысты. «Прогресс» балаларды дамыту орталығының хореография бөлімінің шәкірттері, аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері, «Наз» халықтық ансамблі өз өнерлерін көрсетті.









