25 қараша мен 10 желтоқсан аралығындағы «Зорлық зомбылықсыз 16 күн» халықаралық акциясы аясында «Атадан ұлағат, анадан ғибрат» ойталқысына арналған Ғабит Мүсіреповтың «Ұлпан» романының желісінде «Кітапхана кубогы» мектепішілік пікірсайыс турнирі өткізілді. 3 орын «Лаула» және «Жасын» комадалары, 2 орын «Қыран» командасы, 1 орын «Эверест» командасы иеленді. Жеңімпаздар кітапхана демеушілерінен қаржылай сыйлықтармен марапатталды. Барша марапатталушыларды тағы бір мәрте құттықтаймыз!