18 сәуір күні Қарғалы аудандық орталық кітапханасында республикалық Ұлттық кітап күніне орай ұйымдастырылған апталық аясында Кітапхана түні автор мен кітапқа байланысты квиз кеші өтті.
Әкімшілік, мәдениет үйі, 2 Бадамша орта мектебі мен кітапхана ұжымынан құрылған төрт топтың арасында тартысты ойын өтті. З кезеңнен тұратын ойында қазақ әдебиеті классиктері, заманауи қазақ әдебиеті және шетел әдебиетіне қатысты сұрақтарды саралады.