Қарғалы аудандық орталық кітапханасында 21 сәуір күні «Ұлттық кітап күні» мерекесі аясында «Кітап. Тарих. Шежіре» тақырыбында сирек және құнды, ерекше кітаптарды қамтыған кітап көрмесі ұйымдастырылды. Аты айтып тұрғандай көрмеге жарық көргеніне ғасырдан астам уақыт болған кітаптармен қатар Қарғалы өңірі туралы жазылған ақпараттарды қамтитын кітаптар да қойылды. Көрменің мақсаты кітапханамыздың алтын қорындағы ескі, құнды, сирек кездесетін ерекше кітаптармен оқырмандарды жақыннан таныстыру. «Ұлттық кітап күні» мерекесін атап өту. Оқырмандарды кітапханаға көптеп тарту.









