2025 жылдың 24 қыркүйегінде Қарғалы аудандық орталық кітапханасында «Кітап time-2025» кітап фестивалі аясында «Оқы, ойлан, өрле!» атты интеллектуалды ойын ұйымдастырылды.
Шараның негізгі мақсаты – оқырмандардың білімге деген қызығушылығын арттыру, ой-өрісін кеңейту, кітап оқуға ынталандыру, жылдам ойлап, дұрыс шешім қабылдау қабілеттерін дамыту, сондай-ақ шығармашылықпен ойлауға баулу болды.

Интеллектуалды ойын үш бөлімнен тұрды:
1. «Оқы – білім бұлағы» (әдебиет, мәдениет)
2. «Ойлан – ой өрістет, қиял ұшқыр ет» (ғылым, таным)
3. «Өрле – жетістікке бастар жол» (тұлға, табыс, мотивация)

Қатысушылар аталған үш кезең бойынша өз білімдерін, тапқырлықтары мен ізденімпаздық қабілеттерін сынап, белсенділік танытты.
І орын – «Алатау» командасы
ІІ орын – «Білім шамы» командасы
ІІІ орын – «Асыл әжелер» командасы

Жүлделі орын иегерлері марапатталып, сыйлықтар табысталды. Кітапхана ұжымы шараға қатысып, өз білімдерін ортаға салған барлық қатысушыларға ризашылығын білдірді.