Степной ауылдық модельді кітапханасында «Цифрлы сөре – шексіз мүмкіндік» атты «Kitap_bar» жобасының жылдық қорытындылау кеші өтті.

Шара барысында жоба аясында атқарылған жұмыстар мен оқырмандарға ұсынылған цифрлы мүмкіндіктер таныстырылды. Қатысушылар QR-код арқылы қазақ классиктерінің және ақтөбелік авторлардың шығармаларымен танысып, «Kitap_bar» жобасының маңыздылығына жоғары баға берді.