2026 жылдың 26 маусым күні Қарғалы аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай «Салауатты өмір – сәнге айналсын!» атты тақырыптық сағат өткізілді. Шараның мақсаты - оқырмандарға салауатты өмір салтының маңызын түсіндіру, зиянды әдеттердің, әсіресе нашақорлықтың адам денсаулығына, өміріне және болашағына тигізетін кері әсері туралы ақпарат беру, жастарды зиянды әрекеттерден аулақ болуға тәрбиелеу және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау дағдыларын қалыптастыру болды.
Іс-шара барысында қатысушыларға салауатты өмір салтын ұстанудың артықшылықтары, дұрыс тамақтану, дене белсенділігі және зиянды әдеттердің алдын алу жолдары туралы мәліметтер ұсынылды. Сонымен қатар нашақорлықтың адам ағзасына, психологиялық жағдайына және қоғамға тигізетін зияны жайлы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Оқырмандар тақырып бойынша өз ойларын білдіріп, пікір алмасты, танымдық сұрақтарға жауап берді. Алынған ақпаратты бекіту мақсатында балалармен «Денсаулық - өмір негізі» атты танымдық викторина ұйымдастырылып, түрлі сұрақ-жауаптар мен қызықты тапсырмалар өткізілді.









