2026 жылғы 3 шілде күні Астана күніне орай саябақта «Астана: кеше, бүгін, ертең» атты әдеби панорама ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқырмандар елорданың қалыптасу тарихымен, бүгінгі жетістіктерімен және болашақ дамуымен танысты. Сонымен қатар Астана туралы кітаптар, бүктемелер мен танымдық басылымдар қойылған кітап көрмесі көпшілік назарына ұсынылды. Қатысушылар викториналық сұрақтарға белсенді жауап беріп, білімдерін сынға салды. Шығармашылық бөлімде балалар Бәйтерек, Хан Шатыр, Мемлекеттік Ту, Елтаңба, киіз үй және Астананың көрікті орындарының суреттерін салып, «Астана» сөзінен жаңа сөздер құрастырды. Шара соңында оқырмандар елордаға деген жылы лебіздерін білдіріп, туған елге деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімдерін нығайтты. #АстанаКүні #Астана #ӘдебиПанорама #Кітапхана #ОқуМәдениеті #ПатриоттықТәрбие #БалаларШығармашылығы