Қарғалы аудандық балалар кітапханасында жазғы демалыстың соңғы күндерін ерекше көңіл-күймен шығарып салу мақсатында «Pajama Party» өтті! Балалар жұмбақтар шешіп, эстафеталар мен қызықты ойындарға қатысып, би билеп, «Шпиондық миссия» арқылы жасырылған пижамалық қазынаны іздеді.
Іс-шара барысында «Кітаптардың сиқырлы әлемі: ертегіге саяхат» атты кітап көрмесі ұсынылып, балалар кітаптың ғажайып әлеміне саяхат жасады. Көңілді ойын, достық атмосфера және кітапқа деген қызығушылыққа толы тамаша кеш!