3 қыркүйекте Әлімбет ауылдық модельді кітапханасында жыл сайын 5 қыркүйекте атап өтілетін Қазақстан халқының тілдері күніне арналған «Ана тілім – ардағым» атты поэзиялық кеш өткізілді. Іс-шараның мақсаты: туған тілге деген сүйіспеншілік пен құрметті тәрбиелеу, халықтың тілдік және мәдени мұрасына деген қызығушылықты арттыру, туған тілге және Қазақстанда тұратын түрлі этнос өкілдерінің тілдеріне құрметпен әрі ұқыпты қарауды қалыптастыру.