2016 жылы Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы балалар арасында жерлес ақын-жазышулардың әдеби мұрасын насихаттап, өскелең ұрпақты патриотизмге тәрбиелеу мақсатында «Оқы, Ақтөбелік өренім» атты оқу марафонын жариялап дәстүрлі акцияға айналды. Биыл, Алға өңіріннен шыққан ақын, журналист Ізтай Тілеуұлы Мәмбетовтың 90 жылдығына арналған апталығы өтуде. Қарғалы аудандық балалар кітапханасы «Табанталдан шыққан ақын» атты әдеби кеш ұйымдастырып, ақынның өмірбаянына, еңбек жолына шолу жасалып, Қанмамай Іңкәр «Ақтөбем», Қазиева Нұржайна «Туған қалама», Қарабатырова Айшабибі «Құлыншақ», Қазиева Балауса «Сәби тойында», Қанмамай Кәусар «Мәмбетовтер», Тулебаев Нұрсұлтан «Мен туыппын ақпандатқан », Карасаев Нұрмұхамбет «Мен ақынмын», Азатова Мейірхан «Ақын ағаға» орындауында өлеңдері оқылды. Азатова Мейирхан, Жолдас Данагүл, Баймұратов Бектемұр кешті өткізуге өз үлестерін қосты.