Тарихымыздан дәстүр, ата-бабамыздан салт болып келе жатқан Ұлы мерекеміз-Наурыз, еліміздің барша азаматтарының жақсы тілек, ерекше қуанышпен атап өтетін үлкен мейрамы. Наурыз мейрамының қарсаңында аудандық балалар кітапханасында «Нұр себеле, Ұлыстың Ұлы күні!» атты этнографиялық сағаты өтті. Қазақ халқының әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін жаңғырту мақсатында ұйымдастырылған шараға №2 Бадамша орта мектебінің оқушылары қатысты. Мерекелік шара қазақтың «Қамажай» биімен ашылып, әсем әуенге ұласты.
Жиналған қауымға шашу шашты. Қыдыр атаны қарсы алып, атадан бата алды. Содан кейін қыздарымыз «Тұсау кесу», «Қырқынан шығару» салт-дәстүрлердің мағынасын айтып, көрініс түрінде көрсетті. 5 «ә» сынып қыздары Казиева Балауса, Канмамай Кәусар, Азатова Райхан, Мұхтарова Нұршат, Каюпова Эльвира сырға, алқа, шолпы, шашбау тағып қазақ қыздарының бейнесін келтіріп «Бұрымды қыз» номинациясына ие болды. Бата, мақал-мәтел айту жарысы және сұрақ-жауапқа белсенді қатысып 5 «ә» сынып оқушылары Байғара Әділет, Карасаев Нұрмұхаммед «Сегіз қырлы, бір сырлы» номинациясына ие болды. Шараның қызықты өтуіне атсалысқан: Жолдас Данагүл, Азатова Меирхан, Қаржауова Жазира, Туралы Сағыныш, Аманқосова Нұрайлымға алғысымызды білдіреміз. Шара соңында жігіттеріміз «Аударыспақ», «Қол күрес» ұлттық ойындарын ойнап, бата беріліп, адал ниет, жақсы тілектер айтылып, мерекелік дастархан жайылып, Наурыз-көже мен бауырсақтан дәм татты. Мереке жақсы көңіл-күйінде өтті.











