9 наурыз сенбі күні, Қарғалы ауданының орталығында «Масленица» мерекесі кең көлемде аталып өтілді. Шараға мекемелер, бөлімдер мен ұйымдар және де ауыл тұрғындары қатысты. Мереке барысында тұрғындарға қызықты сайыстар, спорттық ойындар, концерттік бағдарлама ұсынылды. Мерекелік іс-шара ауылдық округтерде жалғасын тапты.