Степной модельді ауылдық кітапханасында 1 наурыз алғыс айту күні мерекесіне орай Көпбалалы аналарға арналған "Алғысым шексіз анама" атты мерекелік кеш өткізілді. Кештің мақсаты мерекені атап өту, көпбалалы аналарға алғыс білдіру. Шақырылған көпбалалы аналар: Кенжехан Гүлбаршын Шманова Гүлбану Айтбаева Алтынгүл Куропятникова Ирина Азбергенова Самал Кенжеғұлова Динара Тулеуова Нұржанат. Аналарға арнап әсем ән, мыңбұралған би, өлең шумақтары айтылды және аналары мен балалары арасында ойындар ұйымдастырылды. "Он саусақ"қолөнер клубы жанынан оқушылар аналарына арнап қағаздан гүл жасап, сыйлық жасады.










