Қарғалы аудандық орталықтандырылған кітапханасының ұйымдастыруымен елбасының "Болашаққа бағдар - Рухани жаңғыру'" бағдарламасын аясында "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласын көпшілікке түсіндіру жұмыстары жүргізіліп ауылдық округтерде кездесулер ұйымдастырылуда. Осындай шараның бірі бүгін Əлімбет ауылдық кітапханасында өтті. Шараға ауыл тұрғындары,ұстаздар,оқушылар қатысты. Модератор ретінде сөз алған аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің əдіскері Баймұхан Жомарт Батиханұлы мақаладағы "Атқа міну мəдениеті","Архив-2015","Дала фолькльорын мен музыкасының мың жылы" тақырыптарында баяндама жасаса,одан əрі,"Алтын адам"- аудандық орталық кітапхана қызметкері Түлкібаева Жанат Жөкешқызы,"Түркі əлемінің бесігі" "Түркі əлемінің, генезисі"-Жосалы орта мектеп балабақшасының тарих пəнінің оқутушысы Елеуов Еркін, "Ұлы жібек жолы" "Ұлы даланың ежелгі өнері жəне технологиялар музейі"-аудандық жастар ресурстық орталығының маманы Жұбан Миржан, "Қазақстан-алма мен қызғалдақтың Отаны"-Əлімбет ауылдық кітапхана меңгерушісі Мылтықбаева Назымгүл.










