Степной модельді ауылдық кітапханасына Қарғалы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің ұйымдастыруымен "Ұлы дала жеті қыры" атты Елбасының мақаласы бойынша жылжымалы кітап көрмесі келді. Жылжымалы кітап көрмесінің мақсаты Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын оқырман назарына ұсынып, егжей -тегжейлі түсіндіру. Оқушыларды өз Отанының тарихын, мәдениетін білуге үйрету, тарихты зерттеуге қызығушылығын арттыру,отансүйгіштік, елжандылыққа тәрбиелеу. Кітап көрмемен танысуға Сазды орта мектебінің бастауыш сынып оқушылары сынып жетекшілерімен келді. Кітап көрмені Әдіскер Баймұханов Жомарт таныстырды.









