"Қарғалы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі"КММ-нің библиографы Бисембаева Гулмира Ахметкереевнаның өлке тарихын зерттеу, болашақ ұрпаққа патриоттық тәрбие беру мақсатында ұйымдастырылған "Менің ауылым - менің құтты мекенім" атты онлайн видео-байқауына аудандық кітапхананың қызметкерлері белсене қатысты. Әрбір кітапханашы өз бейнежазбасында өзінің кішігірім отаны туралы толығымен әңгімелеуге тырысты, ауыл тарихымен қатар ауылдың тарихи тұлғалары туралы көптеген қызықты мәліметтер айтылды. Байқау қорытындысы бойынша: бас жүлдеге – Гайдай Т.П. (Жосалы ауылдық кітапханасы), I орынға – Исмурзинова Д.С. (Ащылысай модельді ауылдық кітапханасы) және Гусманова З. Е. (Қарғалы аудандық кітапханасы), II орынға – Мусина Ж.М. (Қарғалы аудандық балалар кітапханасы) және Тулькибаева Ж. Ж. (Қарғалы аудандық кітапханасы), III - орынға Жумагалиева А.К. (Велихов ауылдық кітапханасы) және Байменова Г.А. (Қосестек ауылдық кітапханасы) ие болып, дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 

 бас жүлдеге – Гайдай Т.П. (Жосалы ауылдық кітапханасы)

 

I орынға – Гусманова З. Е. (Ащылысай модельді ауылдық кітапханасы) 

 

I орынға – Исмурзинова Д.С. (Ащылысай модельді ауылдық кітапханасы)