12 мамыр Әлімбет ауылдық кітапханасының оқу залында Бәкір Тәжібаевтің 95 жылдығына арналған «Туған жер өзін дегенде» портрет кеші өтті. Шараға қатысушылар ақын, драматург, әнші, сазгер Бәкір Тәжібаев туралы мәліметтер тыңдап, өмірімен, шығармашылығымен жақынырақ танысты. Б.Тәжібаевтың сөзіне жазылған "Әлия" әнін Әділханова Жансаяның орындаундағы бейнежазбасы тыңдады. Іс-шара жас оқырман Печерская Альбинаның оқыған «Дос құшақ» өлеңімен аяқталды.









