Қарғалы ауданының әкімі Жүсібалиев Асқар Қазиханұлы кітапхана қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. Мәдениет саласының дамуына үлес қосқан қызметкерлер мен шығармашылық ұжымдарға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етті. Марапаттаушылар қатарында кітапханаға еңбек сіңірген Велихов ауылдық кітапхана меңгерушісі Жумагалиева Алмагуль Кумаровна,Қайрақты ауылдық кітапхана меңгерушісі Абаева БекзадаАбылайқызы марапатталды.