Қарғалы аудандық орталық кітапханасының библиографы Бисембаева Гульмира Ахметкереевна 2021 жылы "Қызықты библиография" атты облыстық үздік библиографиялық құрал байқауына қатысқаны үшін Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Құралай Раймбаеваның атынан алғыс хатпен марапатталды. Зор денсаулық пен шығармашылық табыс, алдағы уақытта тәуелсіз еліміздің игілігі үшін жемісті еңбек ете беруіңізге тілектеспіз!










